RU

"Абай" шахтасындағы төтенше жағдай: Зардап шеккен кеншілер палатаға ауыстырылды

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыдағы "Абай" шахтасындағы оқыс оқиғадан зардап шеккендер сауығып келеді. Оларды жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мақажанов атындағы облыстық медициналық орталықтың жетекшісі Ерік Шонбаевқа сілтеме жасап.

Дәрігерлер метан мен көмірқышқыл газынан қатты уланған кеншілердің жағдайы жақсарғанын айтып, оларды жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырғанын мәлім етті.

"Бүгінде науқастардың жағдайы орташа ауыр, емдеу нәтиже беріп, жағдайлары жақсарып келеді. Пациенттер өзін әлдеқайда жақсы сезінеді және бүгін токсикология бөліміне ауыстырылды", - дейді Ерік Шонбаев.

Еске сала кетейік, 7 қарашада сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Салдарынан оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті. Өндіріс процесі тоқтатылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі қаза тапқан кеншілердің есімін жария етті.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қайтыс болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы есебінде ақшалай көмек берілетінін мәлім етті.

Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, әзірге нақты күдіктілер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941104-abai-saxtasyndagy-totense-zagdai-zardap-sekken-kensiler-palataga-auystyryldy/