RU

Lexus, Land Cruiser: Ақтаудағы жарылыстан қанша көлікке зақым келгені анықталды

Жарылыс
Оқиға орны. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті "Шерқала" кешеніндегі жарылыс кезінде қанша көлікке зақым келгенін нақтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай кезінде жарылыс толқынынан ғимаратқа жақын тұрған 10 көлікке зақым келген. Олар:

  • Toyota Tundra;
  • Toyota Camry 55;
  • Lexus RX 350;
  • Toyota Camry 50;
  • Nissan Primera;
  • Daewoo Nexia;
  • Kia Rio;
  • Mitsubishi Galant;
  • Kia Sorento;
  • Toyota Land Cruiser Prado 120.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар департаменті үйінді астынан көлемі 50 және 20 литрлік екі газ баллонын шығарғанын атап өтті. Коммуналдық қызметтер оқиға орнын 300 тонна қоқыс шығарған.

Айта кетейік, кеше, 7 қараша күні Ақтауда жойқын жарылыс болып, екі қабатты ғимараттың тас-талқаны шықты. Абырой болғанда, жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған.

Бастапқыда әлеуметтік желіде ТЖ салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда, бұл мәліметті Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері жоққа шығарды. Ол жарылыстан зардап шегіп, медициналық мекемелерге жүгінген адамдар болмағанын айтты.

Сонымен бірге, ғимарат иесі Абай Әміреев те сұхбат беріп, кешенде ешкім болмағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941111-lexus-land-cruiser-aqtaudagy-zarylystan-qansa-kolik-zaqym-kelgeni-anyqtaldy/