Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық әйел 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлымен қауышты (фото)

Опубликовано:

Ұлымен қауышты
Видеодан кадр: polisia.kz

Қарағанды облысының тұрғыны 35 жыл бойы көрмеген ұлымен қауышты. Бұл туралы ІІМ ресми сайты Polisia.kz хабарлады.

Сайттың мәліметінше, Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлдана Үмітбаева өткен жылы Тұзды ауылында тұратын Галина Румянцеваны кезіктірген.

60 жастағы әйелдің құжаттары болмағандықтан зейнетақы рәсімдей алмапты. Галина Михайловна жұмыс істемейтін әрі ішімдікке әуес қызымен бірге тұрған.

Олар есепке қойылып, тұрмысы нашар отбасы санатына жатқызылған. Сол себепті үнемі полицияның бақылауында болыпты.

"Жағдай ушығып, биыл қызы қайтыс болды. Осыдан кейін зейнеткер далада қалды. Оның құжатын жасау үшін біз Галина Михайловнаны Қушоқы ауылындағы дағдарыс орталығына орналастырдық.

Әйел туыстарын іздеп, маған бір ұлы бар екенін хабарлады. Бірақ ол баласын жеті жасқа келгенде тастап кетіп, тұрмысқа шыққан. Содан кейін анасы баласымен хабарласпаған. Мен оның баласы Сергей Румянцевты іздей бастадым", - дейді Гүлдана Үмітбаева.

Ұлымен қауышты
Фото: polisia.kz

Инспектор ер адамның қазіргі уақытта Қостанай облысындағы Придорожное ауылында тұратынын анықтаған.

Галина Михайловна 35 жылдан кейін алғаш рет WhatsApp арқылы ұлымен байланысқан.

Перзентін бірнеше жыл көрмеген әйел көз жасына ерік берген. Жуырда ғана Сергей Бұқар Жырау ауданына келіп, анасын өзімен бірге алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941138-qaragandylyq-aiel-35-zyl-buryn-tastap-ketken-ulymen-qauysty-foto/

pixel