Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйіктісінің үйімен шатастырып алған": Павлодарда тұрғынның терезесіне тас лақтырған ер адамның басы дауға қалды

Опубликовано:

Бөлмеде отырған қыз
Көрнекі фото: pexels.com

Биыл Павлодар облысының аумағында 1049 ұсақ бұзақылық факісі тіркелген. Солардың бірі таяуда Қостанай көшесінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, полиция операторына жас қыз хабарласып, белгісіз адам үйіне жақындап келіп, терезесіне тас лақтырғанын айтқан.

Аталған үйге келген тәртіп сақшылары мән-жайды анықтаған. Ер адамның айтуынша, ол сүйіктісіне келдім деп ойлап, терезеге тас лақтыра бастаған, осылайша оны көшеге шақыруға тырысыпты, бірақ мекенжайын шатастырып алған екен.

Дегенмен үй иесінің тыныштығын бұзғаны үшін павлодарлық тұрғын жазадан құтыла алмады. Ол ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Одан бөлек, 7 қарашада тағы бір бұзақылық факісі тіркелген.

Бұл жолы Қамзин көшесінде орналасқан дүкен сатушысынан қоңырау түскен.

Шағымданушы әйелдің сөзінше, дүкенге келген ер адам азық-түлік бөлімінің сатушысымен әңгімелескеннен кейін жанжал шығарған. Бүкіл дүкенге айқайлап, өткен-кеткендерге тіл тигізген.

Бұл мәселеге полицейлердің араласуына тура келген. Көрсетілген мекенжайға жедел келген тәртіп сақшылары жанжалды тоқтатқан.

Сөйтіп ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы бойынша жанжал шығарған адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Анықталғандай, дау-дамай қала тұрғынының сөреде сүйікті сүт өнімінің болмауына байланысты туындаған.

Оқиғадан кейін сатып алушы сатушыдан кешірім сұрап, бұл жайтты таңертеңнен көңіл-күйі болмай тұрғанымен түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941162-suiiktisinin-uiimen-satastyryp-algan-pavlodarda-turgynnyn-terezesine-tas-laqtyrgan-er-adamnyn-basy-dauga-qaldy/

pixel