Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы үш күнде ауа температурасының төмендеуі күтіледі

Опубликовано:

Табиғат
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі ықтимал.

Түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 10 градусқа дейін аяз болып, күндіз ауа температурасы -5-тен +5-ке дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік-батыста түнде 2-7, күндіз 5-10 градус жылы болмақ. Солтүстікте сынап бағанасы -2 градустан +3-ке дейін көтеріледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз 5-15 градус аралығында жылы болмақ.

Одан бөлек, республика бойынша жел тұрып, екпіні 15-23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941167-elimizde-aldagy-us-kunde-aua-temperaturasynyn-tomendeui-kutiledi/

pixel