Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда “мефедрон” сатқан 24 жастағы ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматыда “мефедрон” сатқан 24 жастағы ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда “мефедрон” сатқан 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының полицейлері психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 24 жастағы А.есімді азаматты ұстады, одан жеке және тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттері мен қағаз пакеттері анықталып, тәркіленді.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар мен сол тектестерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес тәркіленген заттар “мефедрон” психотроптық заты болып шықты. Осы қылмыстық іс аясында жүргізілген қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Наурызбай ауданының аумағынан есірткі салынған тағы 40 полиэтилен пакеті табылды. Алматыда шөптің жеткізу арнасы анықталуда" , – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941182-almatyda-mefedron-satqan-24-zastagy-er-adam-ustaldy/

pixel