RU

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

Алматыдағы өрт
Видеодан кадр: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда тұрғын үйде шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні таңғы сағат 06:41 кезінде түскен.

Өрт сөндрушілер Бостандық ауданы "Қазақфильм" шағын ауданындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты үйдің бірінші қабатының баспалдағын қою қара түтін басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941187-almatyda-kopqabatty-uiden-ort-sygyp-bir-adam-koz-zumdy/