Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Ресейде тіркелген көлік иелерінің жиналуына қатысты түсінік берді

Опубликовано:

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі ресейлік нөмірлі автомобиль иелерінің жиналу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің бірнеше қаласында Ресейде тіркелген автомобиль иелері мамандандырылған ХҚО алдына жиналды. Министрлік арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, олардың қойған талаптарына қатысты жауап берді.

"Иә, бүгін автомобиль иелерінің жиналғаны рас. Олар көліктерінің мамандандырылған ХҚО-да расымен тіркелгеніне көз жеткізгісі келді. Және жиналғандарға ресейлік көлікті ел аумағында тіркеуге қатысты түсіндіру жұмысы өтті. Бұл жерде Қазақстанға әкелінген әрбір ресейлік автокөліктің мәселесін жеке қарастыру керек. Және біз өз тарапымыздан көмек, қолдау көрсетуге әзірміз. Еліміздің қай бұрышында болса да, тіркелмеген көлік иесі не істеу керектігін жергілікті полиция қызметіне жүгініп біле алады. Осы орайда Қазақстанда заңды тіркелмеген көлік иелеріне айтарымыз, оның ішінде ресейлік нөмірлі автомобильдер де бар, көліктеріңізді ресми тіркеңіздер", - деп жауап берді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941189-iim-reseide-tirkelgen-avtokolik-ielerinin-zinaluyna-qatysty-tusinik-berdi/

pixel