Коронавирус: Тағы бір өңір "қызыл" аймақтан шықты
Опубликовано:

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.
9 қарашадағы жағдай бойынша:
- "қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды облыстары;
- "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 909 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.
Қазақстанда бұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 22 маусымда тіркелген болатын. Ол кезде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 943-ке дейін төмендеген еді.
Қазір жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 950 539-ге жетіп отыр.
Одан бөлек, өткен тәулікте 1 991 адам ауруынан жазылып шыққан. 9 қарашадағы жағдай бойынша, 39 705 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941213-koronavirus-tagy-bir-onir-qyzyl-aimaqtan-syqty/