Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген: Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Третьяков

Алматы орталығындағы тұрғын үй кешенінде бойжеткенді айуандықпен өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікке ілінген жігіт ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Күдікті – азамат С. Алматы қаласының маңында ұсталды. Ол Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу шаралары жалғасуда", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта қылмыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді.

Кейін полиция аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін және арнайы жедел тергеу тобы құрылғанын, күдіктіні ұстауға бағытталған шаралар өткізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941256-almatyda-boizetkendi-oltirip-ortep-zibergen-policiya-kudiktinin-ustalganyn-xabarlady/

pixel