Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

Опубликовано:

Аяжан Еділова111
Фото: Алматы телеарнасы

Алматыда биыл наурыз айында жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін денесі Алатау ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысы бүгін, 2021 жылдың 9 қарашасында сағат 10:00-де басталды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, істі судья Майшинов қарап жатыр. Процесс онлайн форматта бірақ жабық режимде өтеді.

Бұған дейін Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп айыпталған ер адам іс бойынша алдын ала тыңдауда алқабилер сотынан бас тартқан болатын.

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек, қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Қазан айында марқұмның ісіне қатысты тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941284-ayazan-edilovanyn-olimi-sot-otyrysy-bastaldy/

pixel