Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім ауырып кетті": Өлі қасқырдың видеосы жұрттың аянышын тудырды

Опубликовано:

Қасқыр
Видеодан кадр: instagram.com/asyltazy777

Түркістан облысында аңшы өлі қасқырдың видеосын желіде жариялады. Көпшілік автордың бұл әрекетіне наразылық білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасқырдың аянышты халін таспалап алған аңшы желіде қызу талқыға түсті.

"Жүрегім ауырып кетті", "Адамдар өздерінен әлсіздерге билік етеміз деп мақтанады. Ақылы таяз", "Сені солай түсірсе қалай болар екен?", "Көзіндегі жалынышты көрмедің бе?", "Аянышты", - деп ашуланды желі қолданушылары.

Полиция аталған фактіге қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД ЖПҚ қызметкерлері аталған жануарды атып өлтірген адамдарға қатысты тексеру жүргізуде, сондай-ақ аң аулауға рұқсаттың бар-жоғы анықталуда.

Егер қасқырды заңсыз ату фактісі расталса, онда ӘҚБтК – нің 382-бабы 1-бөлігі "Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілік туралы мәселе қаралады", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941291-zuregim-auyryp-ketti-oli-qasqyrdyn-videosy-zurttyn-ayanysyn-tudyrdy/

pixel