Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік комитетінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram каналында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, ел аумағында жалған тұлғаларға 28 фирма ресімделген, ол фирмалар тек қағаз жүзінде болған.

"Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары болмаған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық топты көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған.

"2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қылмыстық топ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай қызмет бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен", - деді ведомстводан.

Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ формальді техникалық тексерулер жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941308-kolik-komitetinin-qyzmetkerleri-uiymdasqan-qylmystyq-top-qurdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel