Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ер адам өз бөтелкелесін пышақтап өлтірген

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде ер адам бірге ішімдік ішкен танысымен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Кеңкияқ ауылының ауруханасының қабылдау бөліміне 41 жастағы тұрғынның мәйіті жеткізілді.

Медициналық мекемеге жедел-тергеу тобы жіберіліп, олар ізін суытпай 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Алдын ала тергеу жұмыстары барысында қайғылы оқиға жәбірленушінің үй ауласында болғаны анықталды.

Алкогольді ішімдік ішкен азаматтардың арасында жанжал туындап, соңында күдікті марқұмға пышақ жарақатын келтірген. Қылмыс орнынан ас үй пышағы тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941319-aqtobede-er-adam-oz-botelkelesin-pysaqtap-oltirgen/

pixel