Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бірнеше көлікке тіркелген ресейлік нөмір анықталды

Опубликовано:

Көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда тәртіп сақшылары ресейлік нөмірдің бірнеше көлікке тіркелгенін анықтады. Істің мән-жайын өңірдің полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырау облысында 8 қарашадан 17 қарашаға дейін "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шаралары өткзіліп жатыр.

Шараның алғашқы күні сағат 17:00-де Ақтау-Атырау тас жолында патрульді полицейлер жылдамдық асырған Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. Ол ресейлік есепте тұрған екен.

Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Құжат тексеру барысында тіркелген нөмір көлік маркасына сәйкес келмейтіні анықталды. Ол Nissan Fuga және "МАЗ" көлігіне тіркелген болып шықты.

"Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 386- бабы 1- бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу ) бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941321-atyrauda-birnese-kolikke-tirkelgen-reseilik-nomir-anyqtaldy/

pixel