RU

Павлодарда марқұм әкесі қалдырған өсиетке көңілі толмаған қыз сотқа арыз берді

Қол қойып отырған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар тұрғыны сотқа әкесінің өсиетхатын жалған деп тану туралы талаппен жүгінген. Ер адам пәтерін туған қызына емес, асыранды қызына мұраға қалдырған. Алайда марқұм өз бетінше құжатқа қол қоятындай жағдайда болмапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар қалалық сотына сілтеме жасап.

Соттың ақпаратынша, ер адам асыранды қызын 1977 жылдан бері тәрбиелеп келген. Өлер алдында ол пәтерін осы баласына қалдырған.

Алайда марқұмның туған қызы бұған наразы болып, сотқа жүгінген.

"Талапкердің шағымы әкесінің құжаттарға өзі қол қоя алмайтындай жағдайда болғанымен негізделеді, алайда өсиеттегі қол қою жауапкер мен нотариустың сөз байласуын куәландырады", - деп хабарлады Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысы кезінде талапкердің әкесі расында да өсиетхатқа өз бетінше қол қоятындай жағдайда болмағаны анықталды.

Сотта емдеуші дәрігерден жауап алынып, ол ер адам не істеп жатқанын жақсы түсінгенін, сол себепті құжатқа күмәнданудың мәнісі жоқ екенін айтқан. Марқұм буындары ауырғандықтан жаза алмаған.

"Марқұм мотор афазиясынан да, оң жақты гемипарезге байланысты да мәтін жазуда қиындықтарға тап болуы мүмкін болғандықтан, бұл жағдай сарапшының қорытындысымен расталды", - деп хабарлады соттан.

Сарапшы мен дәрігердің жауабын тыңдаған сот марқұмның өсиетхаты дұрыс толтырылған деген қорытындыға келді. Осылайша, павлодарлықтың талабы қанағаттандырылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941330-pavlodarda-marqum-akesi-qaldyrgan-osietke-konili-tolmagan-qyz-sotqa-aryz-berdi/