Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысына Ресейден 100-ден астам көлік жалған құжатпен әкелінген

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысына Ресейден 100-ден астам көлік жалған құжатпен әкелінген. Бұл туралы полиция департаменті бірінші орынбасары, полиция полковнигі Берік Амангелді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Берік Амангелдінің айтуынша, облыс аумағына Ресейден жалған тіркеу нөмірімен және құжатпен әкелінген 100-ден астам автокөлік анықталған.

"Мұндай көліктерді сатып алған адамдар Ресейде тіркеуде тұр деп ойлайды. Егер ол сенімхатпен немесе сақтандыру полисі негізінде сатылса, иесі көлік салығын төлемеу үшін кез келген уақытта одан бас тартады. Ал, қазақстандық жүргізуші жол апатына түссе, сақтандыру төлемін ала алмайды.
Сол себептен, шетелдерде тіркеуде тұрған көліктерді сатып аларда әкімшілік полиция немесе жергілікті полиция қызметі басқармасына жүгініп, тексертіп алу қажет", -дейді Берік Амангелді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Берік Амангелді Атырау облысында бірнеше көлікке тіркелген ресейлік нөмір анықталғанын хабарлаған еді.

"Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 386- бабы 1- бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу ) бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941337-atyrau-oblysyna-reseiden-100-den-astam-kolik-zalgan-quzatpen-akelingen/

pixel