Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке мәліметтерін таратқан

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Украинадағы сайт қазақстандықтардың жеке мәліметтерін таратқан. Бұл туралы Украинаның киберполиция департаменті өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ірі интернет- ресурс 200 мың тұлғаға қатысты ақпаратты заңсыз таратқан.

Жеке мәліметі таралғандардың қатарында Украина, Молдова, Беларусь және өзге де ТМД елдерінің азаматтары да бар.

Сайт адамдардың толық аты-жөні, байланыс нөмірі, тіркелген жері, тіпті мінген көлігіне қатысты қандай әкімшілік қызметке жүгінгені туралы мәліметтерді жүктеген. Қазір сайт жұмысы толығымен тоқтатылды.

Азаматтардың жеке өміріне қолсұғушылық дерегі бойынша интернет ресурстың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941360-baq-ukrainalyq-sait-qazaqstandyqtardyn-zeke-malimetterin-taratqan/

pixel