Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған қыз бен жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

10 қарашада Ақтөбе облысында күндіз облыстың солтүстіктен, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Күндіз 10 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

10 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941364-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel