Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естігенде аң-таң болды": ШҚО тұрғыны екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: Polisia.kz

Риддер тұрғыны мүлкінің жоғалғанын екі айдан кейін яғни тәртіп сақшылары ұрыны тапқан кезде бірақ білген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Риддер қаласында ер адам қыркүйек пен қазан аралығында бір пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, ол жерден жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын тұрмыстық техника және алтын бұйымдарды алып шығып отырған.

Алайда үй иесі заттарының жоғалғанын байқамаған.

Риддер қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол ұрланған заттардың қай пәтерден алып шыққанын айтқан.

"Жәбірленуші пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.

Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Оған сәйкес күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941389-estigende-an-tan-boldy-sqo-turgyny-eki-ai-boiy-paterinen-zattardyn-zogalganyn-baiqamagan/

pixel