RU

Ресейлік есепте тұрған көлік иелері Қазақстанда тіркеу үшін қанша теңге төлеуге дайын

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде ресейлік нөмірі бар көлік иелері наразылыққа шықты. Жүргізушілер көлікті Қазақстанда есепке қоюға мүмкіндік беруді сұрап отыр. Тіпті, олар мұндай қызмет құнын да есептеп қойған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ресейлік есепте тұрған көлік иелері Ақтөбедегі облыстық әкімдік алдына жиналған. Наразы топқа жағдайды түсіндіру үшін полиция басшысы шыққан.

Телеарнаның мәліметінше, ақтөбелік көлік жүргізушілері конструктивті диалогқа бейім болып, қазіргі жағдайда қандай шешім шығаруға болатынын айтқан.

"Біз мемлекет бізбен келісімге келгенін қалаймыз. Қандай да бір кедергісіз көліктерді есепке қоюға мүмкіндік беруін сұраймыз. Яғни, қомақты сомаға емес, Қазақстанда күнкөріс минимумы 42 500 деп белгіленсе, сол мөлшерде қойылсын", - деді жүргізушілердің бірі.

Ал Ақтөбе полициясы Батыс қазақстандық әріптестері секілді Ресейден есептен шығарылып, Қазақстанда тіркелмеген көліктерді анықтай бастайтынын жоққа шығармады.

Құқық қорғау органдары облыста жыл басынан бері жарты мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алғанын, оның жартысына жуығы ресейлік нөмірлі көлік жүргізушілерінің кінәсінен екенін айтады.

Көлікті Қазақстанда тіркеу үшін енді иелері көліктің өзіндік құнына жуық алым мен салық төлеуі керек. Мұнымен келіспеген көлік жүргізушілері петиция жазып отыр.

Айта кетсек, көлік жүргізушілер үшін көлікақша табу құралы, тіпті, көліктің бұл түрі көпшілік үшін бірден-бір табыс көзі болып отыр. Олар жоғары санаттағы көлікті сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941403-reseilik-esepte-turgan-kolik-ieleri-qazaqstanda-tirkeu-usin-qansa-tenge-tolei-alatyndaryn-aitty/