Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтты. Вирустың репродуктивті индексі 0,90 құрайды. Инфекциялық төсектер 30 пайызға, реанимациялық төсектер 26 пайызға толы.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл аймақта", Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола және Қарағанды облыстары "сары аймақта" орналасқан. Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Бүгінгі таңда шамамен 8,5 млн адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,7 миллионнан астам адам екінші компонентін алды.

Еуропаның бірқатар елінде, сондай-ақ Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, үкімет басшысы санитариялық талаптар шараларының жаппай сақталуын қамтамасыз етуді, мониторингтік топтардың талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысының тиімділігін күшейтуді және бұзушыларға қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

"22 қарашадан бастап бұған дейін екпе алған азаматтарды ревакцинациялау басталады. Осыған байланысты егу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет", - деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941440-qazaqstanda-koronavirusqa-qarsy-revakcinaciya-22-qarasada-bastalady/

pixel