RU

Илон Маск Twitter-дегі сауалнамадан кейін екі күн ішінде 50 млрд долларынан айырылды

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Patrick Pleul/picture alliance via Getty Images

Илон Маск Twitter желісіндегі жазылушылар арасында сауалнама жүргізгеннен кейін байлығының рекордтық мөлшердегі бөлігінен айырылды деп хабарлайды Bloomberg.

Америкалық миллиардер Twitter пайдаланушылары арасында жүргізілген сауалнамадан кейін екі күн ішінде шамамен 50 миллиард доллар ақша жоғалтты.

Желіде Маск салық төлеу үшін Tesla акцияларының 10 пайызын сату керек пе деген сұраққа жауап іздемек болды.

Бұл Bloomberg миллиардерінің тарихындағы байлығының ең үлкен құлдырауы.

Айта кеткен жөн, 2019 жылы әйелі Маккензимен ажырасқаннан кейін Amazon негізін қалаушы Джефф Безос 36 миллиардынан айырылған болатын.

Осыған қарамастан, Илон Маск әлі күнге дейін планетадағы ең бай адамдар тізімінде бірінші орында тұр.

Ол Безостан 83 миллиардқа бай. Оған қоса, бұл Илон Маска биыл дәулетін 70 пайызға арттырғанымен де тікелей байланысты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Маск өз байлығының екі пайызын қайырымдылыққа берсе, адамзатты аштықтан құтқара алатынын айтқан.

Көп ұзамай Масктың өзі де жауап берді. Ол ақша беруге дайын екенін көпшілік алдында мәлімдеді. Бірақ бұл әрекетке қаржылық есеп ашық болған жағдайда ғана баруға әзір екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941475-ilon-mask-twitter-degi-saualnamadan-keiin-eki-kun-isinde-50-mlrd-dollarynan-aiyryldy/