Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларға Pfizer вакцинасы салына ма

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: pixabay.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова үкімет отырысында Қазақстанда коронавирусқа қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасы 12 жасқа дейінгі балаларға салынбайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Есмағамбетованың хабарлауынша, бүгінде өндіруші 5 жастан асқан балаларға Pfizer препаратын басқа дозада салуға рұқсат етеді. Ол мұндай тәжірибе АҚШ-та қолданылып жатқанын атап өтті.

"Қазіргі кезде қолданылып жүрген және Қазақстанда тіркелген Comirnaty (Pfizer) вакцинасының нұсқаулықтарында 12 жастан бастап вакцинациялау қарастырылған.

Өндіруші тиісті құжаттарды тіркеу үшін біздің Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына тапсырып, нұсқамаға 5 жастан бастап екпе салуға болады деп қосса, бұл балаларға 5 жастан бастап екпе жасауға мүмкіндік береді. Алайда бүгінгі күні бекітілген нұсқаулықта 12 жастан бастап салу керек екені көрсетілген", - деді ол.

Оның сөзінше, өндіруші клиникалық сынақтардың нәтижелері бойынша жас аралығын кеңейте алады.

Еске сала кетсек, денаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина қашан және қайда салынатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941478-qazaqstanda-12-zasqa-deiingi-balalarga-pfizer-vakcinasy-salyna-ma/

pixel