Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған Түркістан тұрғыны 25 адамды тақырға отырғызды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментіне Түркістан облысының 25 тұрғыны жүгінген. Олар қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендерін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде "Асыл Инвест", "Оборот 30%" және "3 күнде 30%" деген атаумен чаттар ашқаны анықталды.

Осылайша, әйел адамдардан қаржы пирамидасына ақша жинай бастаған.

Салымшыларға ол салған ақшасының 30 пайызын беріп отыруға уәде беріпті.

Қазіргі уақытты күдікті әйелдің тұрғындарға 24 миллион теңге залал келтіргені белгілі болды.

Агенттік мамандары болса тұрғындардан мұндай алаяқтық желілерге алданып қалмауын сұрайды.

Олар мұндай әрекетке тап болғандарды +7 (7172) 708-478 анықтама телефонына хабарласуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941480-whatsapp-ta-qarzy-piramidasyn-qurgan-turkistan-turgyny-25-adamdy-taqyrga-otyrgyzdy/

pixel