RU

Елімізде бетпердені шешуге қашан рұқсат етіледі

Бетперде23
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда медициналық бетпердені міндетті түрде тағу туралы талапты қашан алып тастайды деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"Дәл қазір нақты күнін ешкім айта алмайды. Вирус әрі қарай мутацияланып жатыр. Біз қаншалықты баяу вакцина салдырсақ, вирус соғұрлым көбейіп, мутацияланады. Ал мутациялану процесін қазір болжау мүмкін емес", - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар, ол Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар қазақстандықтар сауда орталықтарына медицианалық бетпердесіз бара ала ма деп сұраққа жауап берді.

"Жоқ, міндетті түрде бетперде тағуы керек. Бұған дейін де вакцина салдырғандардың ауырып қалуы мүмкін екені айтылды. Соған сәйкес бетпердесіз бару қауіпті болуы ықтимал. Алайда вакцина салдырған азаматтарда ауру жеңіл түрде өтеді. Инфекция жұқтыру қаупі де төмен болады, алайда мүлде жұқпайды деуге келмейді", - деді Айжан Есмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941508-elimizde-betperdeni-sesuge-qasan-ruqsat-etiledi/