RU

Павлодарлық әйел жеңгесін ұрып-соққан

Фото
Көрнекі фото: polisia.kz

Павлодар қаласында келіншек ағасының әйелін ұрған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, 35 жастағы қала тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Шақырту орнына келген полицейлер пәтерде отбасылық жанжал кезінде әйел жеңгесін ұрып-соққанын анықтаған.

Қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 73-бабы, 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Сонымен қатар, полицейлер Павлодар қаласындағы тағы бір тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

Анықталғандай, жергілікті тұрғын анасына тыныштық бермей, үнемі ақша талап етіп, жанжал шығарып отырған.

Учаскелік полиция инспекторы 40 жастағы әйелге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік материал толтырған.

Айта кету керек, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер отбасында болған 3227 құқық бұзушылықты тіркеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941515-pavlodarlyq-aiel-zengesin-uryp-soqqan/