Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында сүйіктісін қайтару әрекеті іске аспаған ер адам оны өртеп жібермек болды

Опубликовано:

Жұбайлар
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында ер адам өзі мен сүйіктісін бензин құйып өртемек болды. Әйел қашып үлгерген және болған оқиға туралы туыстарына хабар берген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясына 52 жастағы қала тұрғыны жүгініп, бұрын танысқан ер адамға қатысты шара қолдануды сұраған. 

"Жәбірленушінің айтуынша, ол алты ай бұрын 61 жастағы ер адаммен бірге тұрған. Кейінірек олар айырлысып кеткен, бірақ ер адам соңынан түсіп, үнемі жұмыстың жанында қадағалап, сүйіктісін қайтаруға тырысқан, тіпті  күш қолдану арқылы қорқытқан", - дейді құзырлы орган. 

Ер адам сүйіктісін қайтару әрекеттері іске аспаған соң қатаң шешім қабылдауға кіріскен. 2 қазан күні сағат 17.30 шамасында ол 52 жастағы қала тұрғынының ауласына келіп, оған және өзіне бензин құйып, өртеуге тырысқан.

Осылайша өлтіремін деп қорқытқан.

Қазір ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 115-бабына (Қауіп төндіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында осыған ұқсас 11 факті тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1941574-pavlodar-oblysynda-suiiktisin-qaitaru-areketteri-iske-aspagan-er-adam-ony-ortep-zibermek-boldy/

pixel