Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай сырқаты бар әйелдерге "эко" жасатуға болмайды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева экстракорпоральды ұрықтандыруға қарсы медициналық көрсетілімдерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маманның сөзінше, жасанды ұрықтандыруға кедергі келтіретін бірнеше фактор бар.

"Жатыр қосылымына эмбрионды имплантацияға кедергі келтіретін туа біткен, жүре біткен ақаулар, жүктілік қарсаңында қарсы көрсетілімі бар психологиялық, соматикалық өзгерістер, операциямен емдеуді қажет ететін аналық бездер, жатырдың қатерсіз ісіктері, онкология, жедел қабыну, кез келген локализация онкологиясы, есірткі мен алкогольге тәуелділік, жатыр қосалқыларының гидросальпингсі, сактосальпинкс, жатырдың синехиясыз ісіктері жатырдан тыс ұрықтандыруға кедергі жасап, нәтижесін төмендететін және болдырмайтын қарсы көрсетілім болып саналады", - дейді Айгүл Мұсабева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941578-qandai-syrqaty-bar-aielderge-eko-zasatuga-bolmaidy/

pixel