RU

Құстарға оқ атқан: Жамбыл облысында оқ жарақатын алған 14 жастағы бала көз жұмды

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

9 қарашада Жамбыл облысында 14 жасар жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты Меркі ауданық полиция бөліміне орталық ауруханадан хабарлаған. Жеткіншек оқ жарақатынан көз жұмған. Бұл туралы Жамбыл облысының Instagram парақшасында жарияланды.

Полицейлердің мәліметінше, марқұм Таскентоған ауылында тұрған.

Тергеушілер көз жұмған бала досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қару алғанын анықтады. Жасөспірім оқ жарақатын далада құстарға оқ ату кезінде алған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Олар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес іске қатысты өзге мәлімет жария етілмейді.

Ішкі істер органдары барлық ата-аналардан балаларына мұқият болуды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпте есепте тұрған қаруды сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941586-qustarga-oq-atqan-zambyl-oblysynda-oq-zaraqatyn-algan-14-zastagy-bala-koz-zumdy/