RU

Ревакцинация: Бақытжан Сағынтаев үшінші рет қай вакцинаны салдырды

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде коронавирусқа қарсы қандай вакцинаны қайта ектіргенін және өзін қалай сезінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тікелей эфир барысында қала тұрғыны әкімнен ревакцинацияда қандай екпені салдырған дұрыс деп сұрады.

"Сізге дәрігерлермен кеңесу керек деп ойлаймын. Мен "Спутник V" вакцинасын қайта салдырдым. Мен вакцинаның осы түрін таңдадым. Және сондай шешім қабылдадым. Себебі, "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті мен екінші компонентін алғанмын. Менің ағзам осы вакцинаны жақсы қабылдады.

Үшінші дозадан кейін де өзімді жақсы сезіндім. Сондықтан бұл - сіздің шешіміңіз. Бірінші вакцинадан кейін басқасын салуға болады дегенді жиі естиміз. Мамандар бұған рұқсат дейді, бірақ кез келген жағдайда дәрігеріңізбен кеңесіңіз", - деп жауап берді әкім.

Еске сала кетсек, еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин екпе салдырған азаматтарды ревакцинациялау науқаны 22 қарашада басталатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941598-revakcinaciya-baqytzan-sagyntaev-usinsi-ret-qai-vakcinany-saldyrdy/