RU

Таразда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті (видео)

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/zhambyl_police

Таразда бүгін қоғамдық көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облыстық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 08:50 шамасында Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында орын алған.

Ведомство мәліметінше, қоғамдық көліктің 22 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соның салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Кінәлі адамның Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941709-tarazda-zolausylar-avtobusy-zayau-zurginsini-qagyp-ketti-video/