RU

Вакцина алған жүкті әйелдің баласында коронавирусқа қарсы иммунитет бола ма

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Вакцина алған жүкті әйелдің баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп толық айта аламыз" , - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Сонымен қатар, ол әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты.

"Олар клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды", - деді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941713-vakcina-algan-zukti-aieldin-balasynda-koronavirusqa-qarsy-immunitet-bola-ma/