Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көршілерге ұйқы бермеген": Павлодарда жастардың романтикалық кездесуінің шырқы бұзылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары түнгі сағат 1-де пәтерлердің біріндегі у-шуға байланысты полицияға шағымданды. Тексере келе пәтердің бір тәулікке жалға берілгені белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Оқиға орнына хабар алысымен учаскелік инспектор барған. Ол тексере келе пәтердің бір тәулікке жалға берілгенін анықтапты. Пәтерді Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алып, қызды кездесуге шақырған.

Алайда жастардың у-шуға толы кездесуі көршілердің тыныш ұйықтауына кедергі болған.

Осылайша, 21 жастағы жалға алушының үстінен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437 бабы бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары пәтерді арнайы тізімге тіркеді.

Сонымен қатар, 29 жастағы үй иесінің пәтерді заңсыз жалға бергені анықталып, оның үстінен арыз түскен. Сондай-ақ, тиісті органға пәтер туралы хабарлама жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941714-korsilerge-uiqy-bermegen-pavlodarda-zastardyn-romantikalyq-kezdesuinin-syrqy-buzyldy/

pixel