Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар Атырау облысының бұрынғы бас дәрігері атынан ірі көлемде ақша сұраған

Опубликовано:

Телефон ұстаған қыз
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысының полицейлері алаяқтық жасаған екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Өзін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймурзиева деп таныстырған қылмыскер жекеменшік емдеу мекемесінің басшысынан ақша сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің айтуынша, алаяқтық әрекет жасағаны туралы арыз Мәншүк Аймурзиеваның өзінен келген.

"Телефон арқылы қоңырау шалған алаяқ өзін Мәншүк Аймурзиева деп таныстырып, түрмеде екенін айтып, есепшотқа 300 мың теңге аударуды сұраған. Оның бостандықта екенін білген әйел еш саспастан Аймурзиеваға телефон соғады.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, оның барысында екі күдікті анықталды. Олардан жауап алынды. Олар Аймурзиевамен таныс емес болып шықты.

Алдын алу шарасы әлі таңдалған жоқ. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Алпыс.

Мәншүк Аймурзиева қоңырау жеке медициналық мекеме басшыларының біріне түскенін атап өтті.

"Біреулер менің атымды жамылып, ақша алмақ болды. Мен бірден құқық қорғау органдарына жүгіндім. Қазір күдіктілер қамауға алынды", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941719-alayaqtar-atyrau-oblysynyn-buryngy-bas-darigeri-atynan-iri-kolemde-aqsa-suragan/

pixel