Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көшеде автомат асынған адамдар жұрттың үрейін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Куәгерлер

Қазнетте Шымкент көшелерінде маска тағып, автомат асынып жүрген адамдардың видеосы тарай бастады. Бұл көрініс қала тұрғындарын шошытып қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арнайы киім киген адамдарды Шымкент теміржол вокзалы ауданынан көрген.

"Мен автомат асынып, форма киген адамдарды көріп, қорықтым. Мүмкін бұл оқу-жаттығу шығар деп ойладым", - дейді тұрғындардың бірі.

Анықталғандай, Шымкентте шартты терроризм актісінің жолын кесу және оның зардаптарын жоюға арналған "Жартас-Антитеррор-2021" оқу-жаттығу жұмыстары өткен.

"Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелері мүшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы үйлесімділігін арттыру және практикалық дағдылары мен біліктілігін арттыру", - деп хабарлады Шымкент қаласы терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы.

Айта кетсек, жаттығулар әртүрлі күрделілік элементтері бар ұрыс жағдайына барынша жақын болған. Қаланың бірқатар ауданында шектеу шаралары, соның ішінде көліктердің қозғалысына да шектеу қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941724-symkentte-kosede-avtomat-asyngan-adamdar-zurttyn-ureiin-usyrdy-video/

pixel