Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар әкімі жалақысының қанша екенін айтты

Опубликовано:

Асайын Байхан
Асайын Байханов. Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan

Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Шенеуніктің айтуынша, оның табысы атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Бұл ретте жұмыс кестесі орташа есеппен күніне 13 сағатты құрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов 100 күндік жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есеп беру жиынын өткізді. Әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы ақпарат беріп, кейін журналистердің сауалдарына жауап берді.

Қала басшысы NUR.KZ тілшісіне табысы туралы мәлімет берді.

"Менің жалақым қажетті біліктілік пен лауазымға сәйкес келеді деп ойлаймын. Нақтырақ айтсам, қолыма 780 мың теңге түседі. Менің үш орынбасарым бар, олардың жалақысы іс жүзінде өз деңгейінде, еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай есептеледі", – деді Павлодар әкімі Асайн Байханов.

Павлодар әкімі өз орынбасарларының кірісін бірден атай алмады.

Алайда, өзінің жұмыс күні әдетте таңғы 7-де басталып, кешкі 8-де аяқталатынын айтты. Дегенмен, әкім үйде болған кезде де қала тұрғындарының өтініштерін ақтарып, жұмысын жалғастыратын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941725-pavlodar-akimi-zalaqysynyn-qansa-ekenin-aitty/

pixel