RU

Ақмола облысында 25 жастағы жігіт жоғалып кетті

Эпов
Валерий Эпов. Фото: instagram.com/akmola_pd

9 қарашада тәртіп сақшыларына Зерендінің 32 жастағы тұрғыны хабарласып, 25 жастағы азаматтық некедегі күйеуі Валерий Эповты іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді өтінген. Бұл туралы Ақмола облысы ПД Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Келіншектің сөзінше, оның сүйіктісі 7 қараша күні сағат кешкі 20.00 шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Валерий Эпов жоғалар күні қыстық қою көк түсті күрте, қара бас киім, қара кроссовка мен сұр түсті трико киген. Ол өзімен бірге кішігірім қара рюкзак пен ұялы телефонын ала кеткен.

Айрықша белгілері: бойы - 168 см, орта денелі, шашы қою сары, көзі қоңыр, сақалы бар. Арқасында "Спаси и сохрани", сол қолының иық тұсында "Freedom" деген татуировкасы бар.

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтап жатыр.

"Қандай да бір ақпарат алсаңыз, 8(7162) 29-10-67, 29-10-68, 29-11-22, 8 701 465 66 55, 8(7162) 29-10-07, 29-10-08 және 102 нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", - деді Ақмола облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941733-aqmola-oblysynda-25-zastagy-zigit-zogalyp-ketti/