Тоқаев Алжир мен Тунистегі Қазақстан елшісін тағайындады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлын жаңа қызметке тағайындады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941737-toqaev-alzir-men-tunistegi-qazaqstan-elsisin-tagaiyndady/