Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалдамалы пәтерде тағы да жантүршігерлік қылмыс жасалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Оралда тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жантүршігерлік қылмыс 5 қараша күні қаланың шағынаудандарының бірінде орын алған.

Полицейлер жалдамалы пәтерде көптеген пышақ жарақаты бар 40 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

Осыдан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған екеудің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге арақ ішкені анықталды. Ер адам мас күйінде сүйіктісін қызғаныштан өлтірген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941747-zaldamaly-paterde-tagy-da-zantursigerlik-qylmys-zasaldy/

pixel