Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Інісі бауырын бөліп берді": Алматыда 20 жастағы бойжеткенге ерекше ота жасалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: жеке мұрағат

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 200-ші бауыр трансплантациясы жасалды. Аутоиммунды гепатиттің салдарынан туындаған бауыр циррозы бар 20 жастағы науқасқа туған інісі донор болып, өз бауырының бөлігін берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық хирургиялық орталықтағы бауыр трансплантациясы бағдарламасы он жыл бұрын басталған болатын. Осы кезең ішінде 140 ересек науқасқа тірі туыстық донор, 36 балаға тірі туыстық донор және 24 науқасқа мәйіттік донордан бауыр трансплантациясы орындалды.

Жалпы алғанда, соңғы бес жыл ішінде 134 рет бауыр ауыстыру отасы жасалған. Бұл аталған ота бойынша көрсеткіштің жоғарылағанын ақындайды.

Ағымдағы жылы тірі туыстық донордан 13, мәйіттік донордан 2 бауыр трансплантациясы және 7 балаға бауыр фрагментін ауыстыру отасы жасалған.

Орталық мамандары реципиенттерді емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаларды әзірлеп, Республикамыздағы басқа клиникалардың мамандарына жүйелі түрде бауыр трансплантациясы бойынша білім беріп, тәжірибе алмасады, сондай-ақ оқу-әдістемелік нұсқаулықтар шығарумен айналысады.

Бүгінде ота жасалған науқастың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тұрғындарды өз денсаулығын күтіп, аурудың асқынып кетпеуіне жол бермеуге шақыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941757-inisi-bauyryn-bolip-berdi-almatyda-20-zastagy-boizetkenge-erekse-ota-zasaldy/

pixel