Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПСЖ футболшысы клубтағы әріптесіне шабуыл жасағаны үшін ұсталды

Опубликовано:

Амината Диалло
Амината Диалло. Фото: Johannes Simon - UEFA/UEFA via Getty Images

ПСЖ әйелдер командасының футболшысы Амината Диалло әріптесі Хейра Хамрауиге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды деп жазады Eurosport.ru.

Футболшы осылайша негізгі құрамдағы орын үшін бәсекелесті жоюға тырысты деген болжам бар.

Оқиға 4 қараша күні кешкі уақытта болған. Хамрауи Париж клубының Диалло және басқа ойыншыларымен бірге кештен кейін үйіне қайтқан. Амината көлікті басқарып келе жатқанда, екі бетперде киген адам көлікке жүгіріп келіп, есікті ашып, Хамрауиді көліктен сүйреп шығарған.

L'Equipe басылымының хабарлауынша, шабуылдаушылар футболшының аяғын арматурамен ұрып, кейін қылмыс орнынан бой тасалаған. Хамрауи ауруханаға жатқызылды.

Нәтижесінде Хейра ПСЖ-ның УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының Реал Мадридке қарсы ойынын өткізіп алды. Оның орнына енді бәсекелеске шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген Амината Диалло алаңға шықты.

ПСЖ мәлімдеме жасап, полиция Амината Диаллоны командаластарының біріне шабуыл ұйымдастырды деген айыппен қамауға алғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941775-psz-futbolsysy-klubtagy-ariptesine-sabuyl-zasagany-usin-ustaldy/

pixel