Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: sputnik.kz

Метеорологтар еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысалы, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 17-22 м/с.

12 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз 12 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз шығыс жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 қараша Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

12 қарашада Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941776-sinoptikter-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel