Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Pfizer вакцинасының кімдерге салынбайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Pfizer вакцинасы туралы сөз қозғады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әсел Қалықова Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Оның сөзіне, вакцина әзірге халықтың тек үш санатына арналған.

"Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы бүгін жеткізілді. Әзірге ол халықтың тек үш санатына: жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған. Алматы үшін вакциналанудың бірінші және екінші компонентінің 46 800 дозасы сатып алынды. Бұл көлем республика халқын жаппай вакциналауды аяқтауға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Алғашында 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер коронавирусқа қарсы егіледі. Содан кейін басқа топтағы балалар - 15, 14, 13 және 12 жастағылар қамтылады.

Әсел Қалықова бүгінде ата-аналары балаларын вакциналауға келісім берген жасөспірімдердің тізімі жасалғанын жеткізлі.

Оның айтуынша, күн сайын бұл көрсеткіш тұрақты өсіп жатыр екен.

Ведомство басшысының орынбасары оқу орнында да, медициналық ұйымдарда да вакцинациялауға болатынын еске салды.

"Әрбір мектептің медициналық кабинеті бар. Сондықтан мектептерде вакцинациялау мүмкіндігі бар, оны емханалардан көшпелі бригадалардың дәрігерлері жүргізетін болады", - деді Әсел Қалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941792-pfizer-vakcinasynyn-kimderge-salynbaityny-belgili-boldy/

pixel