Тағы бір өңір коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шықты
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі 12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы арнасы.
Ведомствоның ақпаратынша, Қостанай облысы "қызыл" аймақтан, ал Шымкент қаласы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.
- "қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
- "жасыл" аймақта: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1260 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 954 146-ге жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941818-tagy-bir-onir-koronavirus-boiynsa-qyzyl-aimaqtan-syqty/