Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көк" мәртебесі бар алматылықтардың сауда орталықтарына кіруіне шектеу қойыла ма: Бекшин жауап қатты

Опубликовано:

сауда орталығы
Фото: Pixabay.com

Ashyq қосымшасындағы мәртебесі "көк" түсті Алматы тұрғындарына жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына кіруге шектеу қойыла ма? Бұл сауалға қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі таңда астанада қаулы қабылданды, ол өте ұзақ талқыланған болатын. Бұл пилоттық жоба. Егер ол нәтижелі болса, қаулы басқа аймақтарда да қабылданады.

Бір апта ішінде немесе белгілі бір уақыт аралығында біз оны бақылаймыз, егер ол аурушаңдық деңгейінің төмендеуіне әсер етсе, бұл мәселе басқа аймақтарда да қарастырылуы мүмкін", - дейді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетейік, енді Нұр-Сұлтандағы сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады.

Бұған дейін Ashyq қосымшасындағы мәртебесі "көк" түсті" елордалықтар ойын-сауық орталықтарына жұмыс күндері ғана кіре алатын еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941843-kok-martebesi-bar-almatylyqtardyn-sauda-ortalyqtaryna-kiruine-sekteu-qoiyla-ma-beksin-zauap-qatty/

pixel