Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандық миллиардер қызын тұрмысқа беру үшін жігіттерге кастинг жариялады

Опубликовано:

Фото
Фото: akipress.org

Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Абдыкеримов тұңғыш қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады, деп хабарлайды АКИpress.

Порталдың мәліметінше, кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді.

Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес. Штабтың хабарлауынша, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар.

Кастингтің өтетін орны: Нарын облысы, Ат-Башы ауданы, Ат-Башы ауылы, М.Жунусов көшесі, 7а.

Фото
Фото: akipress.org

Фото
Фото: akipress.org

Қыз
Фото: akipress.org

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасы "Қырғызстан аруы - 2020" атанғанын жазған едік.

Іс-шара ұйымдастырушыларының сөзінше, бастапқыда 150 ару іріктеуден өткен. Соның ішінде 80 қыз жартылай финалға жолдама алса, финалда тек 31 бойжеткен бағын сынаған.

Нәтижесінде сұлулық сайысының тәжі әрі бас жүлдесі 20 жастағы Ләззат Нұрқожаеваға бұйырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941861-qyrgyzstandyq-milliarder-qyzyn-turmysqa-beru-usin-zigitterge-kasting-zariyalady-foto/

pixel