Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда туған күн тойлаған жасөспірімдер тыныштық бұзғаны үшін полицияға жеткізілді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Досының туған күнін тойлап, у-шу шығарған жасөспірімдер Нұр-Сұлтандағы полиция басқармасына жеткізілді. Астанада кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік іс қозғалды деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 2-де жергілікті тұрғынға "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасының кезекшісіне шуға қатысты шағым келіп түскен. Арызданушының айтуынша, Республика даңғылындағы үйдің жанында жастар шулаған.

Тәртіп сақшылары мекенжай бойынша атанды. Оқиғаның барлық қатысушылары мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, 16-17 жас аралығындағы 7 жасөспірім пәтер жалдап, онда құрдасының туған күнін тойлаған. Содан жастар түнде далаға шығып, шу шығарып, азаматтардың тыныштығын бұзған.

Полицияға жасөспірімдердің заңды өкілдері де шақырылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тыныштықты бұзған жасөспірімдерге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941867-nur-sultanda-tugan-kun-toilagan-zasospirimder-tynystyq-buzgany-usin-policiyaga-zetkizildi/

pixel