Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, қар, бұрқасын: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың дерегінше, республиканың барлық өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде -5 градус аяз бен +3 градус, күндіз -3 градус аяз бен +10 градус жылы арасында құбылады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде сынап бағанасы -1-10 градус аязды, күндіз -5 градус аяз бен +7 градус жылылықты көрсетеді.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -1-10 градус аяз болады, күндіз +2-10 градус жылы болады деп болжанады.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 12 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941874-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel