Ақтөбедегі арнайы операция: Жеті адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды (видео)
Опубликовано:

Наурыз айында Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топ жеті адамнан құралған.
"Олар ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысының аумағында еліміздің оңтүстік өңірлерінен аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен айналысқан. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 25 келіден, гашиштің жалпы салмағы бес келіден асады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оларға да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1 және 2-бөлігімен (Есірткі айналымына байланысты қылмыстар жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу) айып тағылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941913-aqtobedegi-arnaiy-operaciya-zeti-adamnan-quralgan-qylmystyq-top-quryqtaldy-video/